Компания туралы

ҚМГ Қарашығанақ

«ҚМГ Қарашығанақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2012 жылы құрылды. Серіктестік «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ-ның еншілес ұйымы болып табылады және 1997 жылғы 18 қарашада жасалған Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орнының келісімшарттық аумағы бойынша Өнімді бөлу туралы түпкілікті келісім шеңберіндегі қатысу үлесін тиімді басқаруды қамтамасыз етеді.

Біздің миссиямыз

Біз ұлттық әлеуетті дамыта отырып, Қарашығанақ жобасына қатысу арқылы «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ тұрақты дамуына үлес қосамыз.

Біздің көзқарасымыз

Қауіпсіздікті, тұрақты дамуды және экономикалық тиімділікті барынша қамтамасыз етіп, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның құнын арттыруға ықпал ететін Қарашығанақ жобасының көшбасшысы.

Біздің құндылықтарымыз

Нәтиже мен қауіпсіздік үшін жауапкершілік

Біз өз іс-әрекетіміз үшін жауап береміз және алдымызға қойған мақсаттарға табандылықпен қол жеткізуге ұмтыламыз. Қауіпсіздік – әрбір шешімнің негізі және басты басымдығы.

Белсенділік пен ортақ іске үлес қосу

Біз белсенділік танытып, жаңа бастамаларды қолдаймыз.

Өзгерістерге бейімделу және икемділік

Біз өзгерістерге жедел бейімделіп, тұрақтылықты сақтаймыз және туындаған мәселелердің тиімді шешімдерін табамыз.

Сенім және этикалық қағидаттар

Біз ашықтық пен айқындықты ұстанып, адалдық пен өзара сенімге негізделген қарым-қатынасты қалыптастырамыз.

Команданы дамыту

Біз қызметкерлеріміздің үздіксіз білім алуына мен кәсіби дамуына жағдай жасаймыз.