-
1979
-
1984
-
1992
-
1995
-
1997
-
1998
-
1999
-
2000
-
2001
-
2002
-
2003
-
2004
-
2005
-
2006
-
2007
-
2009
-
2011
-
2012
-
2016
-
2017
-
2018
-
2019
-
2019
-
2021
-
2022
-
2022
-
2024
Біздің миссиямыз
Біз ұлттық әлеуетті дамыта отырып, Қарашығанақ жобасына қатысу арқылы «ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ тұрақты дамуына үлес қосамыз
«ҚМГ Қарашығанақ» ЖШС «ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ-ның еншілес ұйымы болып табылады және 1997 жылғы 18 қарашадағы Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орнының келісімшарттық аумағы бойынша Өнімді бөлу туралы түпкілікті келісімдегі қатысу үлесін тиімді басқаруды қамтамасыз етеді.
Серіктестер
Қарашығанақ жобасы 1997 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен халықаралық инвесторлар консорциумы арасында жасалған Өнімді бөлу туралы түпкілікті келісім (ӨБТК) шеңберінде іске асырылады. Келісім Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орнын 2037 жылға дейін бірлесіп игеру шарттарын айқындайды.
Консорциумға қатысушылардың атынан жобаны басқаруды бірлескен оператор – Karachaganak Petroleum Operating B.V. (KPO) жүзеге асырады. Жобадағы қатысу үлестері мынадай тәртіппен бөлінген: Eni және Shell (BG Karachaganak Limited компаниясы арқылы) – 29,25%-дан, Chevron – 18%, «ЛУКОЙЛ» – 13,5%, ал «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы акционерлік қоғамының үлесі – 10%.