Тарих
1979
Әлемдегі ең ірі 20 кен орнының бірі – аумағы 280 шаршы километрден асатын Қарашығанақ кен орны ашылды.
1984
Газ өңдеу жөніндегі алғашқы қондырғының (қазіргі ГКДҚ-3) құрылысы аяқталды. Газ өндіру басталды.
1997
Қараша айында 40 жыл мерзімге есептелген Өнімді бөлу туралы түпкілікті келісімге (ӨБТК) қол қойылды.
2004
Шикі мұнайдың алғашқы партиясы КҚК жүйесі арқылы Новороссийск мұнай құю терминалына жөнелтілді.
2006
КҚК терминалында шикі мұнайдың 100 миллионыншы баррелі тиелді. Атырау – Самара мұнай құбыры арқылы мұнайдың алғашқы партиясы жөнелтілді.
2012
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Қарашығанақ бірлескен кәсіпорнының құрамына ресми түрде кірді.